ТМД-ғы ең қауіпсіз елдер аталды

Бүгін, 11:15 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

АҚШ-тың Gallup қоғамдық пікір институты әлемдегі ең қауіпсіз елдер туралы сауалнама нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зерттеу америкалық Gallup социологиялық компаниясының 2025 жылғы Ғаламдық қауіпсіздік туралы есебінен (The Global Safety Report) алынған. Бұл есеп әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың өзін қаншалықты қауіпсіз сезінетінін көрсетеді.

Жалпы нәтижелерге сәйкес, әлем бойынша ересектердің 73%-ы түнде жалғыз жүргенде өздерін қауіпсіз сезінеді. Бұл — Gallup деректерді жинай бастағаннан бергі (шамамен жиырма жыл ішінде) ең жоғары көрсеткіш.

Зерттеу нәтижесі бойынша ТМД елдері арасындағы ең қауіпсіз мемлекеттер деп Тәжікстан, Өзбекстан, Армения және Грузия аталды.
Түнгі қауіпсіздіктен бөлек, социологиялық компания «Құқық пен тәртіп индексін» де әзірлеген. Ол азаматтардың қауіпсіздік деңгейін, тұрақтылықты және құқық қорғау органдарына деген сенімін қамтиды.
 

Тэгтер:

ТМД құқық зерттеу қауіпсіздік Gallup