Сауд Арабиясында қазақстандық спортшы сотталды

Бүгін, 12:10 / Қайсар Қалам
Сурет: Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінен

Риддер қаласының 19 жастағы спортшысы Сергей Веселов 27 маусым күні Мәдина қаласында қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот оны кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотта оны мемлекеттік адвокат қорғаған, деп жазды Orda.kz.

«Веселовтың ісі Сауд Арабиясының жергілікті заңнамасына сәйкес қаралды. Қазақстанның консулдығы жергілікті органдармен байланыста және сотталғанның туыстарымен хабарласып отыр. Вена конвенциясына сәйкес, Веселовқа аудармашы беріліп, консулдық көмекке қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді», — деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігі.

Сергей Веселов — Шығыс Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
 

Тэгтер:

сот оқиға Сауд Арабиясы Сергей Веселов