Семей қаласының жаңа әкімі болып Әділет Қожанбаев сайланды

Бүгін, 16:20 / Қайсар Қалам
Сурет: gov.kz

Семейде әкім сайлауы аяқталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауда өзін-өзі ұсынған кандидат Әділет Қожанбаев жеңіске жетті. Ол үшін 89 441 сайлаушы дауыс берген.

Қожанбаевтың қарсыластары — А.К. Бекжасаров пен К.М. Төлеуов тиісінше 9 763 және 12 557 дауыс жинаған.

45 жастағы Әділет Қожанбаев сайлауға дейін Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған.

Тэгтер:

Семей әкім сайлауы Әділет Қожанбаев