2022 жылы «Дала Қырандары» жастар бірлестігі #жаттығу республикалық науқанын бастаған еді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Биыл бұл игі іске еліміздің 20-дан астам қаласының жастары қосылып, тозығы жеткен спорт алаңдарын қалпына келтіріп жатыр.
Қырандар ескі алаңдарды жөндеп, оларды өз қамқорлығына алды. Мақсат – жастарды спортқа баулу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу және қала мен ауыл өміріне сергектік енгізу. Дені сау қоғам – белсенді жастардан құралады!