Жұлдыз Сүлейменованың орнына Әбутәліп Мүтәлі келді

15 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Amanat партиясы

Әбутәліп Мүтәлі Мәжілістің жаңа депутаты атанды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді.

Әбутәліп Мүтәлі – «AMANAT» партиясы фракциясының өкілі. Бүгін ол жалпы отырыста Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.