Шымкентте ер адам бәстесіп, 26 қаламды жұтып қойған

Бүгін, 12:17 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Оқиға Шымкент қаласында болған. Ер адам досымен бәстесіп, бірнеше қаламды бірінен соң бірін жұтқан. Біраз уақыттан кейін оның асқазаны мен ішек аумағында қатты ауырсыну пайда болып, ол №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Otyrar.kz жазуынша, 38 жастағы науқасты тексеру барысында дәрігерлер оның асқазанынан бөгде заттар тапқан. Мамандар эндоскопиялық жолмен (тілусіз) ота жасап, барлығы 26 қаламды сәтті алып шыққан.

Қазір пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауынан кейін ол үйіне шығарылды.

Дәрігерлер азаматтарға денсаулыққа қауіпті әрекеттер жасамауға, әсіресе бөгде заттарды әдейі жұтпауға шақырды.

Тэгтер:

шымкент дәрігерлер қалам жұту бәстесу