Елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар күтіледі. Қазақстанның қалған аумақтарында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжануда, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Батыста түнгі ауа температурасы –5°C дейін төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде 0-ден –13 °C-қа дейін, оңтүстікте 0-ден +13 °C-қа дейін болады.
Қысқаша мәлімет:
▪️ Астанада күндіз +7...+9 °C, түнде –2...–4 °C. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с.
▪️ Алматыда күндіз +14...+16 °C, түнде +6...+8 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
▪️ Шымкентте күндіз +25...+27 °C, түнде +10...+12 °C. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с.