Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп отырған басқыншылық соғысында Қазақстан азаматтары де қаза табуда, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Хочу жить» жобасының деректері бойынша, Украинада Ресей тарапынан жалданған 270 қазақстандық қаза тапқан. Сондай-ақ сенімді дереккөздерге сүйене отырып, қаза тапқан немесе із-түссіз кеткен қазақстандықтардың толық емес, бірақ нақты белгілі тізімін ұсынылды.
Айта кету керек, бұл тізім толық емес – қаза болған немесе жоғалып кеткендер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Анықтай алған мәлімет бойынша, Ресей шырмап алған 270 қазақстандық соғыста қаза тапқан.
Ең жас қаза тапқан адам – 2005 жылы туған Андрей Богомолов. Қаза болған сәтте оның жасы бар болғаны 19-да екен. Ал ең егде жалдамалы – 254-ші мотоатқыш полкінің 64 жастағы әскери қызметкері Александр Ялфимов.
Кремль Қазақстан азаматтарын соғысқа тартуды жалғастыруда, бұл тек Қазақстан аумағында ғана емес, Ресейде тұратын қазақстандықтар арасында да жүзеге асырылып жатыр. Оларды түрмелерден, еңбек мигранттары арасынан және жақында ресейлік азаматтық алған адамдар арасынан іздейді.
Олар Қазақстан аумағында жалдамалыларды жинауды тікелей интернет жарнама арқылы немесе “Ресейде жоғары жалақы алуға арналған жұмыс” ұсынатын жалған еңбек агенттіктері арқылы іске асыруда.
Қазір Ресей “қашықтағы” елдерден жалдамалыларды жинауды біртіндеп тоқтатып, көрші елдерден, тілдік кедергі төмен жерлерден адамдарды тартуға көбірек көңіл бөлуге көшкен. Бұл Қазақстан билігі мен қоғамына Ресейдің жалдамалы желілеріне қарсы күресуді күшейтуді талап етеді. Әйтпесе, Ресей Қазақстан азаматтарын өлімге аттандыруды жалғастыра береді.