Алматы облысында жетінші сынып оқушысын жасөспірімдер зорлаған

Бүгін, 12:10 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 21 қыркүйекте Алматы облысындағы Қарғалы ауылында жеке үй ауласында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бір топ жасөспірім жетінші сыныпта оқитын қызға зорлық көрсетіп, оны видеоға түсіріп, кейін интернетке жариялаған. Жәбірленуші — жетім қыз.

Аудандық білім бөлімі мәлімдегендей, мектеп директоры бұл жағдай туралы тек 13 қазанда біліп, бірден полицияға жүгінген.

Аталған дерек бойынша «Он алты жасқа толмаған адамды азғындық жолға түсіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар жасөспірімдермен жеке профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары тарапынан қажетті көмек көрсетіледі», — деп түсіндірді Бала құқықтарын қорғау комитеті.
 

Тэгтер:

қыз зорлау оқушы мектеп Қарғалы ауылы