«СК-Фармация» үстінен бюджет қаржысын жымқыру бойынша ісі қозғалды

Бүгін, 14:25 / Қайсар Қалам
Сурет: sk-pharmacy.kz

«СК-Фармация» компаниясына қатысты бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенаттағы брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

— «Бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария ете алмаймын», — деді Елемесов.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың шілдесінде Бас прокуратура «СК-Фармация» ЖШС-іне қатысты қомақты қаржылық бұзушылықтар анықталған соң сотқа дейінгі тергеуді бастаған еді. Бұл бұзушылықтар Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістің қорытындысында белгілі болған. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек сол кезде компанияның әрекетінен мемлекетке 35,8 миллиард теңге көлемінде залал келгенін мәлімдеген болатын.
 

Тэгтер:

тергеу ақша жымқыру СК-Фармация