Тұман, жел — 17 қазанға арналған ауа райы болжамы

17 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тек батыс пен солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр жауып, кей жерлерде қар түсуі мүмкін.

Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.

▪️ Астанада — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −3–5 °C, күндіз +8–10 °C.
▪️ Алматыда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1–3 °C, күндіз +17–19 °C.
▪️ Шымкентте — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8–10 °C, күндіз +24–26 °C.
 

Тэгтер:

ауа райы тұман жел