Қайғылы жағдай Бірінші лигадағы «Хан-Тенгри» мен «Екібастұз» командалары арасындағы матч барысында болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
19 жастағы шабуылшы Диас Төлеу ойын кезінде кенеттен есінен танып, дәрігерлердің көмегіне қарамастан көз жұмды.
Диас – алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Биылғы маусымда ол «Хан-Тенгри» сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.
Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасына және командасына көңіл айтып, ел талантты әрі болашағынан зор үміт күттірген спортшысынан айырылғанын атап өтті.