"Мына итке ашуым басылар емес": Димаштың өткір сөзі елді оятып жіберді (ФОТО)

17 қазан, 2025 / Arasha.kz
instagram.com/kudaibergenov.dimash. Суретте: Димаш Құдайберген

Жас жазушы Есбол Нұрахмет әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Димаш Құдайбергеннің азаматтық ұстанымына байланысты өз ойын ашық жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Facebook-тегі жазбасында ол Димашқа айтылған орынсыз сынға наразылығын білдіріп, мұндай әрекеттерге қоғамның өзі жауап беруі тиіс екенін атап өтті.

"Димаштың деңгейіне апармай-ақ, өзіміз төпештеп тастауымыз керек еді. Димаш онсыз да асқақ, онсыз да асыл ғой. Мына итке деген ашуым бәрібір басылар емес. Бұрын да иттің етінен әрмен жеккөруші едім. Енді бір жұдырық беріп, мұрнын бет қылмай ашуым тарқамайтындай күйдемін. Бай шығар, бардам шығар, біз жүрген жерде бұл жүрмес. Бірақ осы өмірде, қай заманда болмасын, бір оңаша кездесіп қалуы әбден мүмкін", – деп жазды Есбол Нұрахмет.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген