Танымал шоудың қатысушысын құлдыққа алып кетіп, ағзаларын сатып, денесін өртеп жіберген

17 қазан, 2025 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Shot Telegram арнасы Беларусьтің танымал "Голос" жобасының бұрынғы қатысушысы Мьянмада адам саудасының құрбанына айналғанын жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Минск тұрғыны интернеттегі жарнама арқылы Таиландқа модель болып жұмыс істеуге кеткен. Алайда Бангкокқа жеткен соң оны алдап, Мьянма аумағына алып кеткен. Сол жерде қызды алаяқтыққа арналған колл-орталықта (scam-орталықта) мәжбүрлі түрде жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Біраз уақыт өткен соң ол туыстарымен байланысын үзген.

Бірнеше аптадан кейін белгісіз адамдар оның туыстарына хабарласып, қыздың ағзалары сатылып, денесі өртелгенін айтқан.

Беларусь Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға байланысты түсініктеме беріп, іздестіру жұмыстарының басталғанын растады.

"Қазіргі таңда Вьетнамдағы Беларусь елшілігі жоғалған азаматшаны іздестіру бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Анасының айтуынша, онымен соңғы байланыс 4 қазанда болған", – делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.

Қызды іздестіру жұмыстарына Беларусь пен Мьянманың құқық қорғау және сыртқы саясат органдары, сондай-ақ елдің Янгон мен Бангкоктағы құрметті консулдықтары қатысып жатыр.

Тэгтер:

беларусь Голос Мьянма