Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында қазақстандық азамат қолға түсті. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша айыпталып, халықаралық іздеуде жүрген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын өлтіруді ұйымдастырған. Қанды қылмыс техника жеткізуге қатысты қарыз міндеттемелерін орындамаудан туындаған дау салдарынан жасалған.
2024 жылдың күзіне қарай Алматы облысы аумағында тапсырыс берушінің нұсқауымен екі қаскөй аталған азаматты өлтірген. Бұған дейін бұл қылмысты орындағандар да қамауға алынғаны хабарланған.
Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.