Украина президенті Ақ үйге жарты сағатқа кешігіп келді — соған қарамастан Дональд Трамп оны жеке өзі қарсы алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Екі президент амандасып, жылы лебіз білдірді. Зеленский Трампты Таяу Шығыстағы қақтығыстың аяқталуымен құттықтап, оның қатысуымен Украинадағы соғысты тоқтатуға үміт білдірді. Өз кезегінде Трамп Зеленскийдің стильді костюмін мақтады.
Жабық есік жағдайындағы кездесуден бұрын екі ел басшысы журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Негізгі мәлімдемелер:
▪️ Зеленский АҚШ-қа «мыңдаған» украиналық дрондарды Tomahawk қанатты зымырандарына айырбастауды ұсынды. Оның айтуынша, «қазіргі соғыстарда ұшқышсыз аппараттардың саны өте маңызды».
▪️ Трамп бұл ұсынысқа қызығушылық танытқанын айтты. Алайда, АҚШ-тың өзіне де Tomahawk және Киевке жеткізілетін басқа да зымырандар қажет екенін қосты.
▪️ Америкалық көшбасшы Путинмен Венгрияда кездеседі. Саммит екіжақты форматта өтеді, бірақ Зеленский байланыста болады.
▪️ Үндістан Ресей мұнайын енді сатып алмайды.
▪️ Трамп Украинадағы соғыс «зымырандар Киевке жеткізілгенге дейін аяқталуы мүмкін» деген үмітін білдірді.