Павлодарда мұғалімге шабуыл жасаған оқушының ата-анасына іс қозғалды

Бүгін, 10:42 / Қайсар Қалам
Сурет: ІІМ

Павлодарда мұғалімге шабуыл жасаған оқушының ата-анасына іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«№11 мектепте болған оқиға расымен тіркелді. Құқық қорғау органдары ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жіберді», – деп мәлімдеді Павлодар қалалық білім беру бөлімі.

Павлодар облыстық полиция департаменті де бұл оқиға бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады.

«Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік материал дайындалып, сотқа жіберілді. Сондай-ақ, оқушының тәртібі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын болады», – деді полиция өкілдері.
 

Тэгтер:

Павлодар оқушы мұғалім полиция