АҚШ пен Еуропада «Патшаларға жол жоқ» ұранымен митингілер өтіп жатыр

Бүгін, 11:15 / Қайсар Қалам
Сурет: әлеуметтік желіден

Сенбі күні АҚШ пен Еуропаның ірі қалаларында «Патшаларға жол жоқ» (No Kings) деген ұранмен мыңдаған адам қатысқан наразылық акциялары өтті. Акциялар АҚШ президенті Дональд Трамптың «билікті асыра пайдалануына» қарсы ұйымдастырылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шетелдік БАҚ хабарлауынша, Мадридте бірнеше жүз адам «Шетелдегі демократтар» ұйымы өткізген митинг кезінде ұрандар айтып, плакаттар көтерген.

Сондай-ақ Париждің орталығында да жүздеген адам «Патшаларға жол жоқ» қозғалысын қолдап жиналды. Ұқсас демонстрациялар Берлинде, Лиссабонда, Римде және басқа да қалаларда өтті.

АҚШ-тағы наразылықтарды Азаматтық бостандықтарды қорғау американдық одағы (ACLU), Indivisible, 50501 және басқа ұйымдардан құралған коалиция үйлестіруде. Белсенділердің ашу-ызасын Трамптың иммиграцияға қатысты саясаты мен Ұлттық гвардия әскерін америкалық қалаларға енгізу шешімі туғызған.
 

Тэгтер:

митинг АҚШ Трамп еуропа Патшаларға жол жоқ