Ақтау маңында апатқа ұшыраған "Әзербайжан әуе желілері" (AZAL) компаниясының Embraer 190 ұшағының жолаушысы Нурулла Сираджов өмірден өтті, деп Arasha.kz тілшісі Lent.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Загатала тұрғыны Нурулла Сираджов 18 қазан таңертең өз үйінде қайтыс болған.
2024 жылдың 25 желтоқсанда Нурулла Сираджов жұбайымен бірге Грозныйда тұратын ұлын көруге жолға шыққан. Алайда ұшақ апатқа ұшырап, ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Белгілі болғандай, ер адам қатерлі ісікке шалдыққан және ол Грозныйға осы сырқатына байланысты ота жасатуға бара жатқан. Бірақ апат салдарынан ота жасалмай қалып, Сираджов шұғыл Бакудегі ауруханаға жеткізілген.
Кейін ол апаттан алған жарақаттарынан айыққанымен, ауыр дертін жеңе алмады.