«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тек елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде қар түсуі мүмкін.
Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман күтіледі.
▪️ Астанада – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде −2–4 °C, күндіз +8–10 °C.
▪️ Алматыда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +6–8 °C, күндіз +16–18 °C.
▪️ Шымкентте – аз бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +2–4 °C, күндіз +21–23 °C.