Тоқаев өзгеріс жасады: Еліміздің АҚШ-тағы жаңа елшісі тағайындалды

Бүгін, 09:08 / Ахмет Қанатұлы
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мағжан Ілиясовты Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Мағжан Ілиясов