Гонконгта жүк таситын Boeing ұшақ жолағынан шығып, теңізге құлады: қаза тапқандар бар

Бүгін, 11:15 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Гонконг халықаралық әуежайында жүк ұшағы Boeing 747 ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жердегі техникалық қызмет көлігіне соғылып, теңізге құлағанын South China Morning Post басылымы жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға салдарынан көлікте отырған екі қызметкер қаза тапты — олардың бірінің денесі судан табылса, екіншісі ауруханада көз жұмған.

Жүк ұшағы Emirates EK9788 рейсін Дубайдан орындап келе жатқан. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.

Азаматтық авиация департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеуді бастады. Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, 12 жүк рейсі тоқтатылған, ал ұшақ шығып кеткен солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды. Қалған екі жолақ — орталық және оңтүстік — әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр.
 

Тэгтер:

ұшақ апаты Гонконг Boeing 747