Зеленский: Ресейдің талабына қарамастан, Донбастан шегінбейміз

Бүгін, 13:12 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Ресейдің ұстанымы өзгерген жоқ — Мәскеу Украинадан Донецк пен Луганск облыстарынан толық шығуды талап етіп отыр, деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский журналистерге, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, Украинаның ұстанымы да сол күйінде: Донбастан шегіну болмайды. Бұл туралы Зеленскийдің негізгі тезистерін «РБК-Украина» таратты.

Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың «майдан қай жерде тұр, сол жерде тоқтату» принципі бойынша соғысты тоқтату жөніндегі ұсынысын оң бағалады.

Украина президентінің айтуынша, ол жұма күні Вашингтонда Трамппен кездесуде Ресейдің аумақтық айырбас жөніндегі нақты ниетін анықтауға тырысқан, бірақ Мәскеудің әлі де айқын ұстанымы жоқ.

Сонымен қатар Зеленский журналистерге Украина жыл сайын Patriot әуе қорғаныс жүйелерін алатынын, алдағы уақытта 25 кешенге келісімшарт дайындалып жатқанын хабарлады.

Ал Tomahawk зымырандарына келсек, Трамп әзірге бұл мәселені кейінге қалдырған, өйткені ол Будапештте Владимир Путинмен өтетін саммитке дейін шиеленістің күшеюін қаламайды.

Зеленский сондай-ақ Будапештті бейбіт кездесу өткізуге қолайлы жер деп санамайтынын айтты, себебі Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Украинаға қажетті бастамаларды бұғаттап отыр.
 

Тэгтер:

Путин украина Трамп Зеленский соғыс