Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желіде көптен бері мұқтаж жандарға миллиондап көмек көрсетіп жүрген “Маскадағы адамға” қатысты жазбасымен жұрт назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Белсенді өз жазбасында:
"Маскадағы адам – меніңше, бұл біздің Димаш Құдайберген сияқты. Ал сіздер не ойлайсыздар?" – деп жазып, оқырмандарына сауал тастаған.
Бұл пікір желіде үлкен талқылау туғызды. Пайдаланушылардың бір бөлігі "шын мәнінде Димаш болуы мүмкін" деген ойды қолдаса, басқалары өз нұсқаларын ұсынған. Кейбіреулер бұл – елге белгісіз меценат, ал енді біреулер танымал кәсіпкер болуы ықтимал деп болжады.
Қазіргі таңда "Маскадағы адамның" кім екені ресми түрде анықталған жоқ. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары қайырымды тұлғаның аты-жөнін білгісі келіп, түрлі пікірлер мен болжамдар айтып, қызу талқылап жатыр.