Қызық дерек: Елімізде "Қазақстан" есімді қанша адам бар?

20 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Pexels

Республика күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы ерекше деректерді жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде елімізде “Қазақстан” есімді 28 азамат бар. Олардың ең көбі Қарағанды облысында – 7 адам, ал Ақмола облысында – 6 адам тұрады.

Сонымен қатар, Қостанай облысы мен Астанада – 3 адамнан, Алматы, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында “Қазақстан” есімді бір-бір тұрғыннан тіркелген.

Аталған 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі – Қазақстан екені белгілі болды.

Жас ерекшелігі бойынша, бұл есімді иеленгендердің ең үлкені – 92 жаста, ал ең жасы – 25 жаста.

Тэгтер:

қазақстан есім