Сүйінші, ағайын! Президент Тоқаев бар қазақты қуантатын хабарды айтты

21 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытының ашылуына қатысып, ел азаматтарына жаңа көліктерді жеңілдікпен алу мүмкіндігі қайта ашылғанын хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жуырда Үкімет қабылдаған, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларға тоқталып, жеңілдетілген автонесие бағдарламасының қайта іске қосылғанын атап өтті.

"Енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады. Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек. Елімізде KIA Qazaqstan зауытының іске қосылуы осы саланы технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға зор серпін берері сөзсіз. Кәсіпорын болашақта басқа да жаңа көлік түрлерін шығарады деп сенемін. Осылайша, әлемдік озық талаптарға сай көліктерімізді сыртқы нарыққа, яғни шетелге шығаруға мүмкіндік болмақ. Қазақстан жаһандық автокөлік өнеркәсібінің дамуына бар күш-жігерін салуға дайын", – деді Президент.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев