Трамп Ким Чен Ынмен кездесуге дайындалып жатыр

21 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі алдағы Азияға сапары барысында Ким Чен Ынмен кездесу мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары соңғы рет 2019 жылы кездескен еді. Алайда бұл жолы жағдай қиынырақ — Вашингтон мен Пхеньян арасында бұрынғыдай ресми байланыс жоқ.

Ақ үйде бейресми түрде Трамп пен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның кездесуін ұйымдастыру мәселесі талқыланған. Дегенмен, инсайдерлердің пікірінше, бұл жоспардың жүзеге асуы екіталай — Трамптың Ким Чен Ыннан гөрі Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу ықтималдығы жоғары.
 

Тэгтер:

Трамп Си Цзиньпин Ким Чен Ын