Кей жерлерде жаңбыр: 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

22 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Ел аумағында негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Көптеген өңірлерде түнде ауа температурасы минусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, елдің батысы мен оңтүстік-шығысында бұлтты ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады. Синоптиктер Қазақстан бойынша желдің күшеюін, түнгі және таңертеңгі тұмандардың болуын болжайды.

▪️ Астана: күндіз +11…+13 °C, түнде –2…–4 °C. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с.

▪️ Алматы: күндіз +18…+20 °C, түнде +8…+10 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.

▪️ Шымкент: күндіз +23…+25 °C, түнде +10…+12 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
 

Тэгтер:

ауа райы жаңбыр жел