Алматыда ата-аналар қазақ тіліндегі мектепті ашуды талап етіп, петиция жасады

Бүгін, 12:06 / Ахмет Қанатұлы
BCN Group

Алматы қаласында №224 жаңа мектептің оқыту тіліне байланысты дау туындады. Ата-аналар оқу процесін толық қазақ тілінде жүргізуді талап етіп, арнайы петиция ұйымдастырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Петицияның мазмұны:

Тақырыбы: "Жаңадан салынған №224 мектеп қазақ тілінде білім беретін мектеп болсын!"

Ата-аналар петицияны Бостандық ауданы әкімдігіне, Алматы қаласы Білім басқармасына және Оқу-ағарту министрлігіне жолдаған. Онда келесі талаптар жазылған:

Ата-аналардың уәжі: Олар Алматының Бостандық ауданындағы "Асыл тау", "Ривьера", "Джаз", "Акварель" тұрғын үй кешендері маңында қазақ мектебіне деген сұраныс өте жоғары екенін айтады. Бұл аумақта таза қазақ тілінде білім беретін тек №140 гимназия бар, бірақ ол басқа аймаққа қарайды.

Тэгтер:

қазақ тілі петиция мектеп