Депутат ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

22 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Депутаттар ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдары ескеріліп жасалған ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыру қажет деп санайды», – делінген мәжілістің 2026 жылғы бюджет жобасына қатысты қорытындысында.

Бұған дейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ең төменгі жалақы адам қажеттіліктерін толық ескеруі тиіс екенін айтқан еді.

Ал 2025 жылы Қазақстандағы орташа медианалық жалақы мөлшері 317 512 теңге болған.
 

Тэгтер:

жалақы депутат 110 мың теңге төменгі жалақы