Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

Бүгін, 10:57 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

23 қазан күні Самар – Шымкент автожолында DAF жүк көлігі мен «Газель» автокөлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қайтыс болғандардың қатарында екі жүргізуші мен “Газель” көлігінің 10 жолаушысы бар. Тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір жол-көлік оқиғасы болған жерде полиция қызметкерлері мен тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Апаттың барлық мән-жайы анықталуда.
 

Тэгтер:

Ақтөбе жол апаты қаза