Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун қазақстандықтар үшін жасанды интеллекттің дамуы қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мәліметтер бойынша, алдағы бес жыл ішінде шамамен 2,5 миллион маманның жұмысы автоматтандыру қаупіне тап болуы ықтимал.
– Еңбек министрлігі қай мамандықтардың біртіндеп жойылуы мүмкін екенін болжаумен айналысып жатыр. Біз Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, қайта оқыту курстарын ұйымдастырудамыз. Жалпы, бағдарламашылар бұл үрдістен қорықпайды. Керісінше, олар жасанды интеллектті тиімді қолдануды жалғастырып, бұрын классикалық бағдарламалаумен айналысқан мамандар енді ИИ саласын меңгеруге көшіп жатыр. Мысалы, бұрын мен бағдарламашы ретінде бір сайтты екі аптада жасасам, қазір жасанды интеллекттің көмегімен оны бір күнде аяқтай аламын, – деді Дмитрий Мун.