Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылған. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ.
Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады. Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізілуде», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.