Армения Советтік көше атауларынан бас тарта бастады

23 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Ереванның ақсақалдар кеңесі Ленинградян көшесін армян текті кәсіпкер және меценат Кирк Керкорянның атына өзгерту туралы шешім жобасын мақұлдады, деп мәлімдеді армян БАҚ-тары.

«Республика» фракциясының 37 мүшесі бұл шешімге қолдап дауыс берсе, 2 адам қарсы шығып, 18-і қалыс қалған.

Фракция жетекшісі Ани Хачатрянның айтуынша, тіпті Ресейдің өзінде бұл қала атауы әлдеқашан өзгерген, ал Ереванда көше әлі күнге дейін кеңестік атаумен сақталып келген.
 

Тэгтер:

көше атаулары армения Советтік атаулар