Мас күйінде көлік жүргізген Астана тұрғыны сотталды

23 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған қала тұрғыны қайтадан мас күйінде рульге отырып, жол-көлік оқиғасын жасаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сотталушы Hyundai Starex автокөлігін басқарып келе жатып, Астана–Қарағанды трассасы мен А-105 көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, Lada Priora көлігімен соқтығысқаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушіге 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Сот үкімімен жүргізуші Қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Материалдық шығын өндірілді.
 

Тэгтер:

сот көлік мас