Белгілі актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесі көрермендерді өзінің жаңа туындысы – "Ыстық ұя" фильміне қолдау көрсетуге шақырды.
"Киноға барып үлгеріңіздер уақыт өтіп жатыр тоқтап қалдыма деп жүрмеңіз. Мен – сіздердің араларыңыздан шыққан, өз араларыңызда өсіп-өнген қызбын. Бүгінгі жетістігім – сіздердің де қуаныштарыңыз деп сенем. Әрі қарай жеңіске бірге жетейік", – деп жазды актриса.
Бадықова өз жазбасында көрерменге ерекше алғыс айтып, жаңа жобасының халыққа арналғанын атап өтті:
"Мен – халықтың қызымын. Ыстық ұя – халықтың киносы. Ауыл-аймақ, алыстағы көрермен, әлі бармасаңыз – қапы қалмаңыз", – деді ол.