«Қазгидромет» мәліметінше, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты, бірақ құрғақ ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28 °C-қа дейін жылы болады.
Тек кейбір өңірлерде таңертең және кешкі уақытта тұман түсуі мүмкін. Шығыс облыстарында түнде аздап үсік жүруі ықтимал.
▪️ Астанада – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0 °C, күндіз +14…+16 °C.
▪️ Алматыда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 7–9 °C, күндіз +20…+22 °C.
▪️ Шымкентте – бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8–10 °C, күндіз +26…+28 °C.