Қар барысы Қырғызстанның ресми символы болып бекітілді

24 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: gov.kz

23 қазаннан бастап қар барысы Қырғызстанның ұлттық символы ретінде ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тиісті қаулыны елдің Министрлер кабинеті мақұлдаған. Құжатқа сәйкес, қар барысының логотипі жануардың динамикалық бейнесін көрсетеді.

Профильден бейнеленген: басы жоғары көтерілген, көзі алға бағытталған, қайқы да көтеріңкі құйрығы — алға ұмтылу, табандылық және ішкі күштің белгісі. Оң аяғымен алға басқан қадамы – жақсылық пен дұрыс жолды меңзейді.

«Бұл бейнені бұрмалауға, саяси үгіт-насихатта, заңға қайшы жарнамада немесе мемлекеттің имиджіне нұқсан келтіретін контексте пайдалануға тыйым салынады», – делінген құжатта.

Айта кетейік, дәл осы күні, 23 қазанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин АҚШ пен Ресей президенттері арасындағы Будапешттегі кездесу өтпейтіні туралы Дональд Трамптың мәлімдемесіне пікір білдірді.
 

Тэгтер:

Қырғызстан қар барысы символ