Танымал әнші Қайрат Нұртастың ұлы – Заңғар Нұртас отбасындағы қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
"Қош келдің, ұлым – Әміре", – деп жазды Заңғар.
Желі қолданушылары мен өнер сүйер қауым жас әкені жылы лебізбен құттықтап, сәбиге зор денсаулық пен бақыт тіледі.