Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің еш жерде жарияланбаған суретін көрсетті

24 қазан, 2025 / Arasha.kz
instagram.com/zhunusova.makpal. Суретте: Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов

Қазақ эстрадасының әйгілі әншісі, халықтың сүйіктісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа суреттерін бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі бұл жолы марқұм жұбайы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің суреттері мен бейнежазбасын жариялап, көпшілікті толқытты.

Желі қолданушылары Мақпал Жүнісоваға жылы лебіздерін білдіріп, Заманбек Нұрқаділовтің рухына дұға арнады.

"Дауысыңыз бұрынғыдай сыңғырлап тұр, Мақпал ханым. Заманбек ағамыздың жаны жәннатта болсын", "Қазақтың арысы еді, халық жадында мәңгі сақталады", "Сізге амандық пен ұзақ ғұмыр тілейміз, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүре беріңіз", – деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

мақпал жүнісова Заманбек Нұрқаділов