Танымал актер президенттен алған марапатын ұстазына табыстады (ВИДЕО)

Бүгін, 12:08 / Ахмет Қанатұлы
Arasha.kz коллажы

Театр және кино әлемінде есімі кеңінен танылған актер Бақыт Хаджибаев өзіне берілген жоғары мемлекеттік марапатын ең алдымен өнердегі ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбайға арнап, шынайы алғысын білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл – шәкірттің ұстазға деген тағзымы мен құрметінің ең көркем көрінісі.

Бақыт Хаджибаев бүгінгі таңда театр мен кинода жарқырап жүрген таланттардың бірі. Алайда оның өнерге келу жолы тағдырдың қызық бұрылыстарынан бастау алған. Нұрқанат Жақыпбай бұл оқиғаны ерекше ықыласпен еске алады.

"Сол бір күн есімде... Жас Бақыт Хаджибаев оператор боламын деп, аудиториясын шатастырып менің емтиханыма кіріп кеткен еді. Бірақ мен оны жай қателік деп қабылдамадым. Ішкі түйсігім бұл жігітті өнер жолына тағдырдың өзі әкелді деді. Сол сәттен бастап оның сахнадағы ғұмыры басталды", – деп еске алады ұстазы.

Сол сәттен бері шәкірт пен ұстаз арасындағы рухани байланыс үзілген емес. Нұрқанат ағайдың бағыт-бағдары мен сенімі, ал шәкірттің тынымсыз еңбегі мен табандылығы нәтижесінде бүгінде Бақыт Хаджибаев «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

Тэгтер:

Бақыт Хаджибаев