Көп мақтаған Шерхан Қалмырза ұятты жағдайға қалып қойды (ВИДЕО)

Бүгін, 14:44 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/f.c.kairat. Суретте: Шерхан Қалмырза

Бүгін, 24 қазанда Алматыда футболдан бірінші лига командалары арасындағы чемпионаттың 26-тур ойыны өтті. Онда жергілікті «Қайрат-Жастар» мен астаналық «SD Family» командалары кездесті, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматылықтардың қақпасын небәрі 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғады. Ол жуырда негізгі «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, УЕФА Чемпиондар лигасында ойнаған болатын.

Жас қақпашы матч барысында сенімді ойын көрсетті, ал командасы 4:0 есебімен алға шыққан еді. Алайда ойынның 83-минутында күтпеген жағдай орын алды. «SD Family» командасының ойыншысы Артур Дадаханов допты алаң ортасынан тура қақпаға бағыттап, Шерхан дайын болмай қалды — нәтижесінде ерекше, бірақ ұятты гол соғылды.

Бұл сәт әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшілік бұл голды бірінші лига маусымындағы ең әдемі соққылардың бірі деп бағалады.

Ал Шерхан Қалмырза үшін бұл эпизод — болашақтағы үлкен сабақ пен тәжірибе болмақ.

Ойын соңында «Қайрат-Жастар» қарсыласын 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, өз жанкүйерлерін қуантты.

Тэгтер:

Қайрат қақпашы Шерхан Қалмырза