АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары және арнайы өкіл Қазақстанға келеді

Бүгін, 10:49 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

АҚШ-тың Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гор және мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау 26–30 қазан аралығында Қазақстан мен Өзбекстанға сапар жасайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, сапар барысында жоғары лауазымды дипломаттар Қазақстан және Өзбекстан үкіметтерінің өкілдерімен экономика мен қауіпсіздік мәселелерін талқылау мақсатында кездесулер өткізеді.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде арнайы өкіл Гор мен мемлекеттік хатшы орынбасары Ландау Қазақстан және Өзбекстан үкіметтерінің өкілдерімен экономикалық және қауіпсіздік саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқылайтыны атап өтілген.

АҚШ біздің орталықазиялық әріптестерімізбен ынтымақтастықты жалғастырып, қарым-қатынасты нығайту және сауда байланыстарын кеңейтуге мүдделі.

«Біз елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына үміттіміз және C5+1 дипломатиялық платформасы аясындағы АҚШ пен Орталық Азия арасындағы серіктестіктің он жылдығын атап өтеміз»,- делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін, қыркүйек айында, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысында сөз сөйлеп, Трампқа және АҚШ-қа ризашылығын білдірген еді.
 

Тэгтер:

қазақстан АҚШ Ақ үй