Трамп: Путин келісімге келмейінше кездесу болмайды

Бүгін, 11:48 / Қайсар Қалам
Сурет: АР

АҚШ президенті Ресеймен келіссөздер қашан қайта жандануы мүмкін екенін түсіндірді. Ол үшін Кремль Украинамен бейбіт келісім жасауға дайын болуы қажет, деп хабарлайды Arasha.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украинаға қарсы соғысын аяқтауға бағытталған келісімге дайын болмайынша, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді қарастырмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол 25 қазан күні Дохада журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Біз келісімге жақындап келе жатқанымызға сенімді болу қажет, мен уақытымды босқа жұмсамаймын», - деді Трамп Будапештте өтеді деп ұсынылған, кейін өзі кері қайтарған Путинмен кездесу туралы айта отырып.

23 қазанда Трамп Будапешттегі саммиттің өтпейтіні туралы мәлімдеді. Бұл хабарлама жоспарланған кездесуден бір апта өткен соң жарияланды. Сол кезде АҚШ президенті Путинмен кезекті кездесу қандай да бір нәтижеге жеткізетініне сенім жоқ екенін атап өтті. «Біз жақсы сөйлесеміз, бірақ оның соңында ештеңе өзгермейді. Ешқандай нәтиже болмайды», деп мәлімдеген еді Трамп.
 

Тэгтер:

Путин украина Трамп соғыс