Сұмдық жағдай! Пойыз ішінде ер адам граната жарып, төрт адам қаза тапты

Бүгін, 10:28 / Arasha.kz
pixabay.com

Украинада жолаушылар пойызында граната жарылып, бірнеше адам қаза тапты, деп Arasha.kz тілшісі РБК-Украина басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға Житомир облысының Овруч қаласы маңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген ер адамды ұстау барысында ол гранатаны жарып жіберген.

Салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам түрлі жарақат алған. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп, жарылыстың нақты себептері анықталып жатыр.

Тэгтер:

украина граната