The Daily Telegraph хабарлауынша, ер адамдардың бірі Алжирге ұшып кетпек болған, алайда әуежайда қолға түсті. Екі күдікті де Париждің Сен-Сен-Дени департаментінің тұрғындары, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, олар 19 қазанда маска киіп мұражайға басып кіріп, құны шамамен 88 миллион еуро тұратын сегіз бірегей зергерлік бұйымды алып кеткен банданың құрамында болған.
Париж прокуроры Лор Беконың айтуынша, тергеуге жүзден астам ізкесуші тартылған. Қылмыс орнынан 150-ден астам ДНҚ үлгілері, саусақ іздері және өзге де айғақтар жиналды.
Болжам бойынша, Луврдың бір қауіпсіздік қызметкері қылмыскерлерге көмек көрсеткен болуы мүмкін. Ол, алдын ала мәліметтерге қарағанда, бақылау камераларындағы «көрінбейтін аймақтар» мен қауіпсіздік жүйесінің ерекшеліктері туралы ақпарат берген. Соның арқасында қылмыскерлер мұражайдағы осал тұстарды білген.
Шабуылдан кейін коллекцияның бір бөлігі, соның ішінде Аполлон галереясындағы әшекейлер Франция Банкінің жерасты қоймасына көшірілді. Бұл қауіпсіздікті күшейту бағытындағы бұрын-соңды болмаған шара ретінде бағаланды.
«Бұл шабуыл мәдени мұраны қорғау жүйесінің тұтастай өзіне төнген үлкен сын болды»,- деді Париж прокуроры Лор Беко.