"Біз араласпасақ та, қыздар әкесін іздейді": Алтынбек Қоразбаевқа қатысты ел естімеген хабар тарады

Бүгін, 11:56 / Arasha.kz
Caravan.kz коллажы

Ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралған әнші Сандуғаш Стамғазиева "Астарлы ақиқат" бағдарламасында ел сүйіп тыңдайтын әндерін орындайтынын және шығармашылығына қайта бет бұрғанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқырманның бірі: "Сандуғаш, кереметсіз. Бірақ Қоразбаевтың қай жеріне қызықтыңыз? Небір тамаша жігіттер сізді бағалар еді ғой" деп жазған. Ал әнші оған: "Мен қызыққан жоқпын, ол маған қызықты", – деп жауап берді.

Бұған дейін ол композитор Алтынбек Қоразбаевпен жеке өміріне қатысты сырын ашып, бұл қарым-қатынастың өзіне де күтпеген жағдай болғанын айтқан еді:

"Ол кісіден екі бала дүниеге келеді деген үш ұйықтасам, түсіме кірмеген. Маңдайыма жазылған екен. Бастапқыда ол кісі мойындамай, жария еткеніме ашуланып жүрді. Бірақ қазір бәрі реттелді. Екі қыз тұрғанда, қайда барамыз? Біз араласпаған күнде де қыздар әкелерін іздейді. Араласып тұрады. Әкелерімен ақылдасады. Мен көбіне "әкеңнен сұра, ол не айтса, сол болады" деймін", – дейді сонда Сандуғаш Стамғазиева.

Тэгтер:

Сандуғаш Стамғазиева Алтынбек Қоразбаев