Трамп: Ол «Буревестникті» сынағанша, соғысты аяқтауы керек еді

Бүгін, 14:22 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Буревестник зымыранын сынақтан өткізген Путинді Трамп сынап тастады. АҚШ президенті Владимир Путинге зымыран сынақтарын емес, Украинадағы соғысты тоқтатуға көңіл бөлу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамп ядролық энергетикалық қондырғысы бар зымыран сынақтары туралы хабарламаларға осылай жауап берді. Ол АҚШ-та да Ресейге өте жақын орналасқан ядролық сүңгуір қайықтар бар екенін атап өтті.

Ресей президенті жексенбі күні Мәскеу ядролық энергетикалық қондырғысы бар «Буревестник» қанатты зымыранын сәтті сынағанын және оны қаруландыру жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді. Ресей әскери өкілдерінің айтуынша, зымыран шамамен 15 сағат ауада болып, 14 мың шақырымға жуық қашықтыққа ұшқан.

«Олар біздің әлемдегі ең қуатты ядролық сүңгуір қайығымыздың дәл олардың жағалауларының жанында тұрғанын біледі»,- деп мәлімдеді Трамп Азияға сапары барысында Air Force One бортында журналистерге.

«Яғни, ол 8 мың миль ұшудың қажеті жоқ» деді ол сөзін толықтырып.

«Айтпақшы, Путиннің мұндай сөз айтқаны дұрыс емес деп ойлаймын. Оған соғысты аяқтау керек еді. Бір аптадан аспауы тиіс соғыс төртінші жылға созылды. Ол зымыран сынаумен емес, соны тоқтатумен айналысуы тиіс», - деді Трамп.
 

Тэгтер:

Путин Трамп зымыран Буревестник