Ғалымдар көру қабілетін қалпына келтіре алатын имплант ойлап тапты

27 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Shutterstock

Ғалымдар зағип жандардың көру қабілетін ішінара қалпына келтіруге көмектесетін көз имплантын жасады. Бұл туралы Financial Times жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жаңа технология арнайы көзілдірікке орнатылған камерадан тұрады. Камера айналаны түсіріп, суретті сымсыз имплантқа проекциялайды. Одан кейін имплант алынған бейнені электрлік сигналдарға түрлендіріп, оларды миға жібереді.

Клиникалық сынақтар кезінде жасқа байланысты тор қабық дегенерациясы бар пациенттердің 80 пайыздан астамы көру қабілетінің айтарлықтай жақсарғанын көрсеткен, тіпті кейбірі қайтадан оқи алған.

«Бұл көру қабілетін қалпына келтіруге бағытталған технология алғаш рет осыншама пациентке осындай нәтиже беріп отыр»,- деді зерттеушілердің бірі.

Бұл жобаны америкалық Science Corporation компаниясы қаржыландырған. Компания технологияны АҚШ пен Еуропада клиникалық қолдануға рұқсат алу үшін өтінім берген.
 

Тэгтер:

ғылым көз көру қабілеті имплант