Қаралы хабар: Ұлттық құрамада ойнаған танымал қақпашы көз жұмды (ФОТО)

Бүгін, 20:18 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Қазақстан футболының тарихында өшпес із қалдырған танымал қақпашы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаралы жаңалықты Қазақстан футбол федерациясы ресми түрде растады.

"Андрей Морев "Жеңіс", "Оқжетпес", "Тобыл" және "Ақтөбе" сынды командалар сапында өнер көрсеткен. "Ақтөбеде" екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды. Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді. Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі отандық футбол тарихының парақтарында және командаластары мен  әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген ресми парақшада.

Тэгтер:

қайғылы жағдай қақпашы